02-09-2021
20.3 C
Шымкент

Мұнай өңдеу зауыттары үздік маманын анықтауда

«Үздік маман-2017»!  Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында сала мамандарының республикалық байқауы басталды. Кәсіби шеберлік жарысты «Қаз МұнайГаз» ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр. «ПетроҚазақстанОйл Продактс» серіктестігінің алаңында ашылу салтанаты өтті. Байқауға еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының 42 қызметкері қатысып жатыр. Еңбек ұжымдары арасындағы кәсіби байқау Ақтау қаласында қортындылады.  Мұнай өңдеу зауыттарының жұмысшылары байқаудың ресми ашылуын асыға күткен. Бұған дейін өңірлік іріктеуде жеңімпаз атанғандар республикалық дода да бақ сынайды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ұйымдастырып отырған кәсіби шеберлік сайысында ешкім ән айтып, би билемейді. Есесіне, тәжірибе алмасып, біліктілігін дәлелдейді.Еңбек ұжымдары арасындағы дода екі қалада өтеді. Бүгін ашылу салтанатына қатысып,арнайы жеребе алған мамандар «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-ның аумағында арнайы ережеге сай білімдері мен практикалық қағидаларын дәлелдейді. Шымкент мұнай өңдеу зауытында өтіп жатқан «Үздік маман-2017» байқауы төрт номинация бойынша өрбіді. Мұнда «компрессорлық қондырғылар машинисі», «технологиялық сораптар машинисі», «технологиялық қондырғылар операторы» және «химиялық талдау лобаранттары» болып бөлініп, өзара үздіктерін анықтап жатыр. Солардың бірі- Жасұлан Маратұлы. Ол Павлодар мұнайхимия зауытының маманы. Алты жылдың тәжірибесі бар жас маман үздік оператор аталымына үміткер. Жасұлан Маратұлы, «Павлодар мұнайхимия зауыты» жұмысшысы: «мен бірінші болып қорғадым. Жүктелген міндет ауыр. Бірақ, берілген тапсырманы орындауға тырыстым. Біз операторлар технологиялық қондырғылардың тетігіне дейін қыр-сырын меңгердік». Байқауға қатысушылардың теориялық және практикалық білімдерін он сегіз кәсіби алқа мүшелері мен сарапшылар бағалайды. Төрт топқа бөлінген қазылар өз міндетін мінсіз атқарғандарды анықтауға сыбана кіріскен. Қатысушылардың әрбір қимылы мен атқарған жұмысын бақылаушылар қатаң тәртіпте бағалауға бел байлапты. Адрахман Жақсыбаев, қазылар алқасының мүшесі: «Жюри бәрін қадағалап отырмыз. Дайындықтары жаман емес. Десе де қателесіп жатқандары да бар». «Үздік маман-2017» байқауының арқасында қатысушылар тәжірибе алмасады. Өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдайды. «ҚазМұнайГаз» мыңдаған адамнан тұратын ұжымына ірі компаниялар арасында көшбасшылық позицияны ұстап тұруға, өндірістік және экономикалық оң көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа білім мен дағдыларды меңгерді. Ұлттық компания үздіктерін Ақтау қаласында марапаттайды.

А. Жақсылықова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР