19-04-2024
25.3 C
Шымкент

Төрт балабақша ашылды

Тәрбиенің сан алуан мәселелерін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына ұялататын алғашқы білім баспалдағы балабақша екені барлығымызға мәлім.  Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі баланың жеке басын дамыту, салауатты өмір салтын сақтау, қоршаған ортамен таныстыру, адамгершілік, рухани қасиеттерін қалыптастыру балабақшаның оқу-тәрбие ісінің басты мақсаты.  Осы орайда Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ОҚО Арыс қаласы Қабылсай елді мекенінде орналасқан Қабылсай негізгі орта мектебінің жанынан 2 топ 50 орындық «Айша» шағын орталығы, Шағыр елдімекеніндегі А.Тілеубердин атындағы жалпы орта мектеп жанынан 2 топ 50 орындық «Ақбілек» шағын орталығы, Қожатоғай а/о, Шөгірлі елді мекенінде орналасқан 2 топ  50 орындық «Бақ Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Арыс қаласы, Стадион мөлтекауданында орналасқан 2 топ 50 орындық «Айкөгершін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылған мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын мекемелер қатары тағы төрт балабақшамен толықты. Жаңа 2 нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылды.  Елбасының Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ашылған бөбекжайдың ашылу салтанатына қала әкімі М.Қадырбек қатысты. – Болашағымыз саналатын бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алу мәселесі қаламызда оң шешімін тауып келеді. Бүгінде қаламызда 3-6 жастың арасындағы балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі тәрбие  берумен қамтылған. Келесі жылы бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткізуге жұмыс жасаймыз, — деді шаһар басшысы Мұрат Болатұлы.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР