03-09-2021
24.3 C
Шымкент

4318 жоба қаржыландырылды

ОҚО Ордабасы ауданында атқарылған жұмыс аз емес. Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда ілгерілеп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік саласында өсім ұлғайған. жалпы, қандай кәсіппен айналысамын деген адамға ауданда барынша жағдай қарастырылған. Мемлекет тарапынан қолдау кәсіпкер боламын деген адамға көрсетіледі. Бүгінде мемлекеттік қолдаудың жемісін көріп жатұандар да аз емес. Мәселен  2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 27 млрд. 095 млн. 400 мың теңгеге жетіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайызға артты, одан түскен салық көлемі 406 млн. 431 мың теңгені құраған. Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 4 318 жобаға 2 млрд. 135 млн. 700 мың теңге несие қаржы игерілді. Оның ішінде «Оңтүстік» АИО арқылы — 1 жобаға 10 млн. теңге, «Ырыс» МҚҰ» арқылы 162 жобаға 314 млн теңге игерілді. «КазМикроФинанс(КМФ)» Төрткөл филиалы арқылы 1 045 жобаға 353 млн. 200 мың теңге, Темірлан филиалы арқылы 2 458 жобаға 914 млн. 500 мың теңге, «Арнур кредит» несие ұйымы арқылы 272 жобаға 143 млн. теңге несие үлестірілді. «Рамазан Агро» ЖШС 350 жобаны 300 млн. теңгеге қаржыландырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР