20-04-2024
22.3 C
Шымкент

«Бастысы — еңбектен қашпау»

ОҚО Ордабасы Бөржар ауыл округінде құрылған «Агро-бройлер құс» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде бүгінгі таңда 28 мүше бар. Кооператив төрағасы Талғат Құлмырзаев отбасымен құс шаруашылығын дамытумен айналысуда. Шаруаның айтуынша, «Қайнар құс» фабрикасында еңбек еткен 25 жылында құсты өсіру мен баптаудың қыр-сырына қаныққан. Қазіргі таңда жиған тәжірибесін жеке кәсібін дамытуда ұтымды пайдаланып, еңбек етуде. Айна 5-6 мың тауықты баптап, етке өткізуде. Қолда бар қондырғылар әзірге жартылай автоматтандырылған. Кәсіпкер субсидияға қол жеткізген соң, Германиядан арнайы құрылғылар алдыратынын да жеткізді.Ендігі кезекте кооператив жанынан шағын құрама жем цехын және ет өңдейтін бекет ашуды көздеуде. Бізбен әңгімесінде Талғат Құлмырзаев:
— Құрал-сайман түгелденсін деп күтпей, қолдағы бармен осы шағын құс фабрикасын аштым. Көш жүре түзеле береді. Бастысы, еңбектен қашпау. Заман қол қусырып отырғанды көтермейді. Сондықтан мемлекеттік қолдауларға арқа сүйеп, тәуекелге бел байладым. Бизнес-жоспар әзірлеуде, құжаттарды рәсімдеуде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көп көмегі тиді, — деп ағынан жарылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР