20-04-2024
12.3 C
Шымкент

Жұмысты ширатуды тапсырды

Бүгінгі таңда ОҚО Ордабасы ауданы бойынша жұмыссыздықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Осы мақсатта аудандағы атқарылған тірліктерді аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Жұмыспен қамту орталығына арнайы барып көрді.  Жыл басынан бері ОҚО Ордабасы ауданы бойынша Жұмыспен қамту орталығына 3552 адам өтініш білдірсе, оның ішінде 2179-ы жұмыссыз. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 2469 адам қамтылды: 183 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 138 — жастар практикасына, 208 — қоғамдық жұмыстарға, 437 адам кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жолданды, 90 адамға шағын несие берілді, 90 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 1323 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Бердімұратова қазіргі таңда мекемені басқа ғимаратқа көшіру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтып өтті. Аудан әкімі Рашид Үсіпханұлының айтуынша, азаматтарды жұмыспен қамту үшін жолдама беру жоғарылап келеді. Жұмыссыздықты жою үшін атқарылып жатқан шаруа көп. Сонымен қатар, жас мамандардың біліктілігін арттыру бағытында әлі де жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР