20-04-2024
16.3 C
Шымкент

118 азамат оқытылып, сертификат иеленді

ОҚО Ордабасы ауданының әкімі Р.Қайыпжанов Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалында болып, жұмыс барысымен танысты. Жыл басынан бері кәсіпкерлік палатасы мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметкерлері құны 76 млн. 305 мың. теңгені құрайтын 36 жобаны сүйемелдеп, құжаттарын қаржыландыруға ұсынған. Сонымен қатар, 6 ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құруға ықпал етіп, 320 азаматқа 1240 қызмет түрін көрсеткен. «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 118 үміткер оқытылып, арнайы сертификат иеленді. Бұл азаматтардың 15-і бүгінгі таңда несиеден бас тартып, өз қаржысымен кәсібін бастап үлгерген. Ал, 6 азаматтың бизнес-жобасы қазіргі таңда оң қортынды алып, қаржысын күтуде. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 26 өтініш түссе, оның 25-і оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Н.Ақмұратов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Ташимова аудан басшысын атқарылатын жұмыс жоспарларымен де таныстырды.
— Кәсіпкерлікті дамыту үшін ауданның мүмкіндігі мол. Енді сол мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін Сіздерден ұтымды ұсыныстар күтемін, — деді Рашид Қайыпжанұлы өз сөзінде. Сондай-ақ, аудан әкімі осы ғимаратта жайғасқан аудандық ауылшаруашылық бөлімі мен жер қатынастары бөлімінің де жағдайымен танысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР