15-04-2024
13.3 C
Шымкент

Жас келсе — іске

«Табысқа апарар жол» жобасы аясында ОҚО Ордабасы ауданының жастары арасында өңірді дамытуда өз үлесі бар, табысты азаматтардың жеткен жетістіктерін насихаттау, тәжірбиесін тарату, жастарды кәсіпкерлікпен айналысып, туған өлкесін дамытуға үлесін қосуға ынталандыру мақсатында, жұмыссыз жастардың қатысуымен жеке кәсіпкер Омар Арыстанның асыл тұқымды мал бордақылау алаңында семинар ұйымдастырылды.
«Малдың жайын баққан біледі» демекші, жас кәсіпкер шаруашылықтың қыр-сырымен бөлісіп, өзінің алғашқы қадамдары жөнінде де баяндап берді.  — Бастапқыда ешкі алып, асырадым. Аша тұяқтың өсімталдығы о бастан аян. Оны сатып, басқа мал да ала бастадым. Міне, сол ешкілер 10 жылда 67 сиыр, 300 ешкі болды. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңгеге қол жеткізіп, оған асыл тұқымды 100 қиссары қой алдым. Бүгінде уақ малдың қатары да 400-ге жетіп отыр, — деді Арыстан өз сөзінде.
Аудандық Жастар орталығының директоры М.Сайлыбаев өз кәсібін 27 жасында бастаған кәсіпкердің тәжірибесін өзгелерге үлгі етіп, қазіргі таңда мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен игіліктердің көбейгеніне тоқталды. «»Жас келсе — іске» деген даналықты ұстаным ету арқылы — өзімізді, өзімізді дамыту арқылы — өлкемізді дамытуымыз қажет», деп М.Сайлыбаев семинарды қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР