21-09-2021
26.3 C
Шымкент

Өндірілген өнім 17 млрд. теңгеден асты

ОҚО Ордабасы ауданының әкімі Р.Қайыпжанов кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, бұл саладағы атқарылған жұмыс барысымен танысты. Бөлім басшысы Ф.Ташимова аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған нақты 9172 кәсіпкерлік нысан барын, бұл құрылымдар бойынша 20 918 азамат жұмыспен қамтылғанын мәлімдеді. 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында шағын және орта бизнес субьектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызметі) көлемі 17 млрд 232 млн. 100 мың теңгеге жеткенін, одан түскен салық 258 млн. 600 мың теңгені құрағанын атап өтті.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының аудандағы өкілдігінің директоры Н.Ақмұратов кәсіп ашуға ниетті азаматтармен тұрақты кездесу ұйымдастырылып, қажетті кеңестер беріліп келетінін айтты.
«Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 446 азамат оқытылып, арнайы сертификат иеленген. 358 азамат кәсіпкерлік ашу бойынша кеңес алып, 25 азаматқа бизнес-жоспар әзірлеуге қажетті көмек берілген.
Рашид Үсіпханұлы ауданды дамытудың негізі — кәсіпкерлікте екенін алға тартып, несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында атқарылар жұмыстың көптігін жеткізді. Жабайы сауда орындарын арнайы жер белгілеп, топтастыру, ондағы азаматтарға жағдай жасау жайын да қозғады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР