19-04-2024
24.3 C
Шымкент

Өнегелі өмірі үлгі

ОҚО Созақ ауданындағы «Үміт» тойханасында Қарттар күні мерекесі  аталып өтті. Мерекеге ауданымыздағы еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлері аймақтың дамуына ерекше еңбек сіңірген азаматтар қатысты. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік дастарханға 12 ауыл округінен арнайы ардагерлер шақыртылды. Дастархан басында аудан әкімі С.Полатов: «Сіздердің өнегелі өмірлеріңіз баршамызға үлгі. Қиын замандары талмай еліміздің дамуы үшін еңбек еттіңіздер»- деп сөз сөйлеп, барша ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев құттықтау сөз сөйлеп, алғыс хаттар табыстаса, аудан ардагерлері атынан Б.Арынбеков, Д.Тұрантегі, С.Кенжебекова жылы лебіздерін айтты. Ауданымыздың құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқожаев Тәжі ақсақал барша көпшілікке ақ батасын беріп, ардагерлерді құрметтеп жатқан аудан басшылығына ардагерлер атынан ризашылығын білдірді.
Мерекелік қабылдауда аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік бағдарлама қойып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Атап өтуіміз керек, осы мереке аясында аудан көлеміндегі жалғызілікті қарттар мен ардагерлердің үйіне аудан жастар тарапынан қолғабыс көмектер көрсетілді.
«Созақ үні»-ақпарат»

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР