test
11-07-2024
21.3 C
Шымкент

Әлеуметтік қамқорлық танытты

Қарттар мерекесі және мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай аудан аумағында жер асты қазба байлығын өндіріп, өңдеумен айналысып отырған кәсіпорындардың бірі ОҚО Созақ ауданындағы «АППАҚ» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы Құмкент ауыл әкімдігі тұрғындарына қомақты қамқорлық танытты.
Жасырын емес биыл қыс маусымы қаһарлы болады деген болжам бар. Сондай-ақ, сұйық, қатты отынның бағасы да өршіп тұр. Осыны ескерген болар «АППАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бірлескен кәсіпорнының бас директоры Қабаев Сейлхан мырзаның бастамасымен, аталған кәсіпорынның әкімшілік- шаруашылық бөлімінің басшысы Бақытжан Қоржынбаевтың ұйымдастырумен 50 отбасына тегін сапалы /көмір/ қатты отын үлестірілді.
Көрсетілген көмекке риза болған ауыл тұрғындары кәсіпорын басшыларына ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Айта кеткен жөн болар, аталған кәсіпорын әкімшілігі тарапынан айтулы мерекелерде Құмкент ауылы тұрғындарына әлеуметтік қолдау танытып, қамқорлық жасау игі ісі жыл сайынғы дәстүрге айналған. Жергілікті тұрғындардың алғысына бөленген кәсіпорын жұмысы жемісті бола бергей.

Нұржамал МАЙУСОВА

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР