test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ардагерлер қасиетті жерге сапарлап қайтты

ОҚО Созақ  Қаратау ауылдық әкімдігі биылғы «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында ауыл көлемінде тұратын тыл және еңбек ардагерлерін және түрлі санаттағы Батыр аналарды еліміздегі киелі жерлер Қожа Ахмет Ясауи және Арыстанбаб кесенелеріне зиярат етіп экскурсиялық сапармен барып қайту үшін ауылдық Ардагерлік кеңесімен бірлесіп, ауыл округіне жақын орналасқан өндіріс орындарының басшыларына хат жолдап, демеушілік жасауын өтінген болатын.
«ҚАРАТАУ» ЖШС-нің Бас директоры , іскер азамат Құдайберген Қанат Жақыпұлы бұл ұсынысты қабыл алып ардагерлерімізге арнап үлкен шетелдік жайлы автобусын жіберді және зиярат етуші ақсақалдармен әжелерді ас-ауқатпен қамтамасыз етті.
Үлкен автобусқа отырған ардагерлер көңілді.Үйдің қазан-аяғы мен мал жайғап күнделікті үйдің күйбең тірлігінен босаған аталар мен әжелер көтеріңкі көңілде.Аманкүл мен Күлемай бастап, басқалары қостап Шәмші Қалдаяқовтың Қайықта, Ақсұңқар, Ақмаңдайлым әндерін шырқай жөнелді.Енді бірде жерлесіміз Марат Омаровтың ана туралы әнін шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлап жатты.Осылайша думанды топ Түркістан қаласына да келіп жеттік.Ол жерде бізді өндіріс қызметкерлері керемет етіп дастархан жайып қарсы алды. Асхана төбесінде бөденелер сайрап, қарттар көңілді.Мұхтар бауырымыздың ұйымдастырған дастарханына ақсақалдарымыз ризашылығын білдіріп мәре-сәре болып жатырмыз.Дастархан үстінде әжелерге ақ орамал мен жайнамаз, аталарға ақ тақия мен жайнамаз таратып сый-сияпат көрсетті.
Ардагерлер алдымен Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстанбабқа барып зиярат ету үшін Отырар ауданына қарай жол тартты. Жүрдек автобус қарттарды Арыстанбаб кесенесіне бір сағатта жеткізді.Кесенеге баратын үлкен аяқжолдың екі жағына Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың өлеңдері жазылған көрнекі тастар қойылған екен. Кесененің жалпы аумағына түрлі гүлдер мен тал көшеттері отырғызылып көгалдандырылып Арыстанбаб кесенесіне ерекше сән беріп тұр.Зиярат етушілер Арыстанбаб кесенесіндегі құдықтан зәм-зәм суын ішіп, кейбіреулер ыдыстарына құйып алып жатты.Арыстанбаб бабамыз жатқан бөлмеге барып тәует етіп, арнаған садақаларымызды арнайы жәшікке салдық.Арыстанбабтың екі жағында шәкірттері Лашын баб және Қарға баб мүрделері жатыр екен. Молда құран бағыштап, зияраттырың қабыл болсын, Арыстан баб әулиенің әруағы қолдап жүрсін деп бата жасады. Арнаулы кесене қызметкері Арыстанбабтың өмірі жайлы мағыналы түсініктеме жасады.
Ардагерлер қайтар жолда Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне соғып зиярат етті. Кесене ішін аралап, тәуе етіп, рухани жаңғыру сезімінде болды. Жүректері тазарып, бойлары сергі, тазарып қайтты.
Ардагерлердің бұл сапары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс жүзінде орындалып жатқанын айғақтайды.
Осындай игі шаралар әр жылда орындалса нұр үстіне нұр болары анық.

Елтай Естанов,
Қаратау ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Ауданның Құрметті азаматы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР