15-04-2024
13.3 C
Шымкент

«Жақсы дәстүр – отбасының тірегі»

 ОҚО Мақтарал ауданында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында алқалы мәжіліс өтті. Шараға «Ғаламат» қоғамдық бірлестігімен «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы атсалысты. Жиынға кітапхана ұжымы, оқырмандар, педагогтар, ардагерлер мен дін қызметкерлері қатысты. Ұлттық кодты сақтай отырып, сананы жаңғырту жұмысына мақтаралдықтар білек сыбана кірісіп кетті. «Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Елбасы атап өткендей, отбасы., ошақ қасындағы тәрбиеге баса мән беру қажет.  Қазақтың салт-дәстүрін дәріптегенде ғана, ұл-қызымыз иманды, инабатты, адал азамат болып өсері сөзсіз.

Дана Маманова – «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: — Әр аудан өзінің кішкентай болса да сол салт-дәстүрден көрініс жасап жатыр. Сол көріністерін көрсетіп, сондай бір жақсы дайындалып, оқырмандардың арасынан адамдарды алып, әртістерді тартып, сол өте тартымды болып жатыр. Мақтаралға келгеніміз бір қуанарлық жайт өте көп имамдар келді. Бұл жаңағы мынау дін саласында отбасы мәселесін біріктіретін өте көп жолдары бар. Сондықтан имандылық жолынан біздің жастарымызға жол көрсететін, соларға дұрыс тәрбие беретін  өте маңызды деп ойлаймын.

Шара барысында арнайы  бейнероликтер мен фильмдер көрсетілді. Жастарға ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңдіру патриоттық бағытта тәрбие беру, басқа да сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер айтылды. Дінтанушы немесе имамдар дін мен салт-дәстүрдің байланысы жөнінде сөз қозғады. Бұл екі ұғымның бала мен отбасы тәрбиесіндегі рөлі зор.

Ақболат Әділов –  Б. Әбдуашіл мешітінің имамы: — Отбасы ең керекті нәрсе, отбасы болмаған жерде өмір болмайды.  Яғни , бір үй болсын, мемлекет болсын бір кішігірім ауыл болсын бәрібір ол отбасының  үкімінде тұрады. Әлбетте отбасының жақсы болуы үлкендерге байланысты.Бұрынғы кездерде біз ардагер имамдар болып есептелеміз. Бұрынғы кездегіден қазіргі кезде бізге өте жеңіл. Бұрындары жалғыз имамдар қызмет ететіни болса, қазір қай салада болсада елдің бірлігіне, мынау семьяның ынтымақтығына ат салысып жатыр. Керек десе біз имамдар үйренетін іс-шаралар өткізіп жатыр. Алл разы болсын ел ағаларына, патшамыздға Алла разы болсын. Екі жас бір-бірін сүйсе, жақсы көрсе, ол ынтымақты болады.

Қай халықтың болмасын, салт-дәстүрлері міндетті түрде сол халықтың мінез-құлқын, ой-өрісін, ұлтқа тән қасиеттерін танытып тұрады. Мәселен, қазақтың бауырмалдық, қонақжайлылық, сыйластық мінез-құлықтарын, оның тұрмыс-салт дәстүрлерінен анық байқауға болады. Әрі осынау терең мағыналы, өнегелі әдет-ғұрыптар атадан-балаға жалғасып, мәңгілік өміршеңдігін көрсетіп келеді.

АҚЕРКЕ Бақтыбаева 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР