20-04-2024
12.3 C
Шымкент

Қайырылымдылық кеші өтті

ОҚО Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырылымдылық кеш өтті. Шарада қасиетті мекендегі жүріп-тұруы нашар жандардың көңілі бір марқайды.  Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы ұйымдар жұмыс істейді. Онда жарымжан жандар арнайы медициналық жәрдем алып отырады. Солардың бір тобына айтулы күні дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.  Феруза Жанайдарқызы – Түркістан қалалық мүгедектер қоғамының төрайымы: — Наурыз, құрбан айт мерекесінде арнайы демеушілерден үнемі қолғабыс алып тұрады. Бүгін де міне, 60 азаматқа ас беріп жатырмыз.

Еркінбай Шалқан тумысынан мүгедек. Қазір Түркістан қаласындағы «Шапағат» оңалту орталығының директоры. Әр мезгілде арнайы демеушілерден жәрдем алып тұратын ол көптің көмегіне алғысын білдіріп отыр.  Еркінбай Шалқан – Түркістан қаласы «Шапағат» оңалту орталығының директоры: — Осындай жандарды елеп-ескеріп, ас беріп, құран оқытып отырғандарына рахметімізді айтамыз. Мына муфтияттан адамдар келіп жатыр екен. Біз өзімізді мүгедекпіз деп есептемейміз. Бізқай салада болсын белсендіміз.

Айтып өтейік, Түркістан қаласындағы мүгедектер қоғамы 1987 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұл ұйымға мүше жандар қоғамдық, әлеуметтік мәселелерде үнемі белсенділік танытып отырады. Сондықтан да олардың жерлестері үшін орны қашанда ерек.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР