20-04-2024
19.3 C
Шымкент

Шекарашылар құрметке бөленді

Шекара – қас қағым қалғып кетуді кешірмейді. Сондықтан, шекарашылардан асқан сақтық пен қырағылық талап етіледі. Ел тыныштығы үшін тыным таппаған №2041 шекара қызметі әскери бөліміне 10 жыл. Айшықты күнде шекарашылар құрметке бөленді. Мемлекетімізде шекарашылардың алаңсыз қызмет етуіне бар жағдай жасалған.  ОҚО дағы №2041әскери бөлімнің де материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жаңартылуда.  «Елдегі тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ету абыройлы міндетіміз»,-деп түсінетін шекарашылардың еңбегі ерен. Сондықтан, сарбаздар қандай құрметке де лайық.

Дәулетбек Ккінбеков — №2041 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқық жұмысының бөлім басшысы: —  Мемлекет шекарадан басталса, сол шекарада әскери қызметшілер күн демей, түн демей, кірпік қақпай, жаздың ыстығына, қыстың суығына төзе келе мемлекетіміздің шекарасын берік күзету. Біздің қызметкерлеріміз Өзбекстанмен шекараны күзетуде.

Мәртебелі мамандықтың мерейін асырған мерекелік концертте,  саз  тербеліп,  ән мен жырдан шашу шашылды.  Өздеріне көрсетілген ықыласқа  ризашылығын білдірген  әскерилер, әрдайым ел тұрақтылығы үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Жанна Белтібаева, №2041 әскери бөлімінің штабының жауапты атқарушысы: — Бүгін біз 2041 әскери бөлімінің 10 жылдығын тойлаудамыз.  Біздің бөлімнің мамандары сауатты, барлық қиындыққа әрдайым дайын.  Ия шекарашы деген өте жауапты мамандық болғаннан соң біз әрдайым білімімізді жетілдіріп, тұруымыз шарт. Бүгін біздің мерекеге облыстан, ауданнан қонақтар келіп, құтықтап жатыр, үлкен алғысымды білдіремін. Ал барлық әріптестеріме бар жақсылықты тілеймін.

Үздіктерді үлгі ету-үзілмес үрдіс. Қызметтерін қалтқысыз атқаратын шекарашылар кәсіби мерекелерінде  алғысхаттармен  марапатталды.

АРАЙЛЫМ Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР