12-09-2021
26.3 C
Шымкент

Тұғыры биік туған жер

Теріскей топырағына табан тіреп, қарт Қаратаудың баурайында мекен еткен сырлы Созаққа сапар шегіп, шежірелі Шолаққорғанға барып қайттым. Қарсы алған əлеуметке алғысым мол. Жылы шыраймен күтіп алды.Ə дегеннен аудандық Мыңжылқы мəдениет сарайына қадам бастым. Аудандық кітапханада сол жерде орналасқан екен. Сонымен қатар облыстық арнайы көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханамыздың бір нүктесіде сонда орналасқан.
Кітапханашы Айман апай ұжыммен таныстырып өтті. Мəдениет сарайында үлкен іс-шара өтіп жатыр екен.Мұғалімдер күніне орай ұстаздарды ұлықтап шəкірттерде бал-бұл жайнап тұр.Ақындардың жыры толқып, əншілердің əндері шалқытып жатқан Созақ өңіріне риза болдым. Мұнда алғаш келуім, алған əсерім ерекше.
Барған жұмысымда оңынан шешілген болды. 21 қазан күні сағат 15 00 де Созақ аудандық «Мыңжылқы» мəдениет сарайында ОҚО «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Тұғыры биік туған жер» атты шығармашылық кешін өткізгелі отыр. Болашаққа бағдар жасап, руханяттың дамуына мүмкіндігі шектеулі талантты өнерпаздар бойға сіңген өнерімен өзіндік үлес қосуда. Кеште жас əнші Айнұр Смандияр, Тайыров Рустем, Уйсимбаева Перизат тағы басқалары өнер көрсетпек.
Кешті «Ерекше жандар» бағдарламасын жүргізушілері, еліміздегі тұңғыш зағип тележүргізушілер Мадина Ермаханова мен Ербек Бакиев жүргізеді.
Ербек Бакиев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР