test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Өңірлік үш күндік семинар өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік үш күндік семинар басталды.
Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бірқатар министрліктердің, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, облыстық басқармалар мен ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және жастар қатысуда.
Семинардың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Бахытжан Мұхамеджанов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков қатысып, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық біргейлікті сақтаудың маңыздылығын сөз етті.
Жиында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ атынан университет кітапханасына бірқатар кітаптар тарту етілді.  4-6 қазан күндері аралағыныда өтетін семинарда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары Е.Абулхатин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы Қ.Жахин, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері Т.Мармонтова, Ж.Үсіпбекова, А.Нұрлан, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.к. Қ.Даркенов және т.б ғалымдар мен қоғам белсенділері «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәріс оқиды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР