20-04-2024
23.3 C
Шымкент

Жақсылық жасауға асығайық

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады.  Айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, сәлемдесіп, көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын жарымжан кембағал жандарға құрметті қалай көрсетсе де артықтық етпейді. Өйткені қоғамның әлсіз топтарына жатады дейтін олар бүгінде мүмкіндігі шектеулі дегенімізбен олардың да үлкен іс тындыруға мүмкіндігі барын айта кеткен жөн. Мұндай көріністермен бүгінде күнбе күн жиі кездесіп қалатынымыз жасырын емес.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі және «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі және бейнетінің зейнетін көріп отырған А.Сәрсенбекова, Н.Шельнова, А.Төлендиевалардың отбасыларында болып, мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, азық-түлік тапсырды.
Сонымен қатар қаламыздағы білім мекемелеріндегі ерікті жастар аналарымыздың үй жайларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, көмек қолын созды.  Мұндай игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР