16-04-2022
16.3 C
Шымкент

Жаңа жұмыспен қамтуда

ОҚО Шардара қаласындағы Н.Оңдасынов пен Жастар көшесінің бойынан жаңа мейрамхана ашылып, пайдалануға берілді. «Ақ шағала – 1» деп аталатын тамақтану орны 200 адамға арналып салынған. 22 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл жай қаланың көркіне көрік қосқан нысан болды. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаров пен еңбек ардагері Ақмұрат Әбубәкіров құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірісті. Лента қиылып, шашу шашылып болған соң қонақтар жаңа мейрамханананың іші-сыртын аралап көрісті. Заманауи үлгіде жасалған ғимарат іші талапқа сай безендірілген. 80 орындық бір үлкен залы мен, 10-20 орындық кабиналары бар мейрамханада не керектің бәрі бар. Негізінен, мейрамхана аспаздары қазақ, өзбек ұлттық тағамдарымен қоса шығыс пен батыстың бірнеше түрлі дәмдерін жоғары деңгейде әзірлеп береді. Ас мәзірінде Шардараның балығынан жасалған тағамдарға қоса ұлттық сусындарымыз – қымыз бен қымыран да орын алған.  22 адамға жұмыс тауып беріп отырған жаңа мейрамхананың иесі – Дүйсенкүл Мәуленова. 5 қыз бен 1 ұлды өсіріп, олардан 20-ға жуық немере сүйіп отырған батыр ана Дүйсенкүл апа бұған дейін қала орталығындағы «Ақ шағала» ғимаратын іске қосып, жұмысын жүргізген болатын. Ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуға лайықты үлесін қосып отырғаны үшін Дүйсенкүл Мәуленоваға аудан әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаров рахмет айта отырып, көпшілік алдында «Алғыс хат» табыс етті. Ашылу салтанатына келген қонақтар ғимарат иесіне құтты болсын айта отырып, кәсіпкерлігіне береке тілесті. Мұнан кейін мейрамхана ішінде дастархан жайылып, қонақтарға ас тартылды. Ас үстінде ауыл қариясы Қыдырбек Мұсаев өмірден озған ата-бабалардың рухына құран түсірді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР