16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Мәңгілік ел — ел тарихы

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бүгінде еліміздің түкпір түкпірінде кеңінен талқыланып, жұртшылыққа түсіндірілуде. Жуырда ОҚО-дағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәңгілік ел, ел тарихы» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжінде кездесу жиыны өтті. Шара барысында музей қызметкерлері А.Жанысбаева, Д.Сәдуақасов және Т.Оразовтар студенттерге арнайы лекциялар оқып, ой-пікір алмасты. Мақаладан туындайтын құнды ойлардың маңыздылығын, елдің, жердің құндылығын ұғындырып, болашақта оны іске асыруда жұмыла кірісудің өажеттілігін алға тартты. Бұл әсіресе өскелең ұрпақ алдындағы маңызды міндеттердің бірі екені айтылды. Кездесуде қатиысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. Сондай ақ, басқосуда «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің құнды дүниелерінен сыр шертетін «Рухани жаңғыру – еліміздің тірегі, халықтың жігері» тақырыптық көрмесі де көпшілік назарынан тыс қалмады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР