02-09-2021
20.3 C
Шымкент

Құрылысқа қажетті өнімге сұраныс мол

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы автоматтандырылған жүйедегі жаңатехнологиялы қыш зауыты тәулігіне 55 мың дана өнім өндіреді. Құрылыс саласына қажетті өнім өндіретін зауыттың өніміне деген сұраныс өте жоғары. Сапалы өнімді пышақ үстінде үлестіріп әкететіндер көп.  Жергілікті өнім аймақтағы қарқыны үдей түскен құрылыс жұмыстарында қолданылуда. Отандық өнімге сұранысжоғары. Үдемелi индустриалды-инновациялық дамубағдарламасы аясында iске қосылған кәсіпорын келесіжылы қуаттылығын 60 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.Мұнда жергілікті 62 адамды жұмыспен қамтылып отыр.  Заманауи технологиялармен жабдықталған зауытқа 526,9миллион теңге жұмсалды. Инфрақұрылым 148 миллионтеңгеге жүргiзiлген. Қазiргi таңда зауыт күнiне 55 мыңкiрпiштi iшкi нарыққа шығаруда. Бiр кiрпiштiң бағасы – 35теңге. Көбiне құрылыс жүргiзетiн компаниялар өтiнiшбередi. Бастысы, отандық өнім экологиялық таза. Жол,электр желісі мен газ құбыры индустрияландырубағдарламасына сәйкес тегін тартылған. Мемлекетқолдауының арқасында кәсіпорын еңсесін тіктеп, аяғынанық тұрып үлгерді. Нәтиже де жаман емес. Енді тәулiгiне 60-70 мың кiрпiш өндiрмек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР