10-05-2022
20.3 C
Шымкент

Инвестиция көлемі артып отыр

Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі бағыттардың бірі инвестиция тарту болатын. Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облысында едәуір жұмыс атқарылып, өңірге тартылған инвестиция көлемі күрт өсті. Нақты айтқанда, 2017 жылдың бойында облысқа 266 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл 2016 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға көп. Оңтүстік Қазақстан облысы инвестиция жұмылдыру бойынша республикамызда 1-орында келеді. Жыл басынан бері шетел инвесторларымен 60-қа жуық іскерлік кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде Біріккен Араб Әмірлігімен медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресеймен Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауытының құрылысы, Қытаймен биоэталон және фосфор тыңайтқыштарын шығаратын зауыттардың, күн электр станцияларының құрылысын жүргізу жөнінде келісімдер жасалды.
Халықаралық шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді, әрі қолайлы болып табылды. Шетелдік инвесторларды тарту, инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті мен мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру мақсатында 2017 жылдың ақпан айында облыста Қазақ-Түрік инвестициялық форум өткізілді. Аталған форумға 500-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде, ынтымақтастық жөніндегі 5 меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстары және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы М.Иштван және Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Баранидың облысқа жасаған ресми сапары кезінде Шымкент қаласында Венгрияның консулдығы ашылып, құрметті консул тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР