18-04-2024
22.3 C
Шымкент

Облыстық фестиваль өтті

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан 2017 жыл — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай Шымкент қаласында Созақ ауданының «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі өтуде. Байқаудың мақсаты — Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру,  Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан 2017 жыл — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай облыс көлеміндегі аудан, қалалардың мәдени-рухани және басқа салаларының (спорт, ауыл шаруашылығы, индустрия, туризм т.б) жетістіктерін насихаттау болып табылады. Байқауда ҚР Мәдениет қайраткері, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек Пірімбетұлы төрағалық етсе, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі Шойынбайев Құрманбек Алтайұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бердашев Айтмахаметали Илиясұлы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Мұстафаев Абдибай Бүркітұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Түркістан» сарайы МКҚК-ны директорының орынбасары, ақын сазгер Әбдірайымұлы Әбдіхалық, «Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет Әссанди, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші, кескіндемещі, фотосуретші Бертаев Бейбіт Нарымбекұлы, «НАР ТВ» телеарнасының директоры Әмірбек Ерсұлтан, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлімше басшысы Нұрмағанбет Мұрат, ҚР Мәдениет қайраткері режиссер Есимов Жұмабек төрелік етуде.
Облыс орталығында Созақ ауданының «Туған жер – алтын бесігім» атты мәдениет күні аясында өтетін іс-шаралар бағдарламасы аудан басшысының қатысуымен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда баспасөз конференциясынан бастау алса, шара «Созақ – жыр, Созақ – сөз, Созақ — өнер» концертімен жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР