02-09-2021
23.3 C
Шымкент

Қоғамдық келісім кеңесінің мәжілісі өткізілді.

ОҚО Шардара аудандық кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өткізілді. Мәжіліске аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Алипов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Ұ.Зейнедилова, аудандық соттың судъясы С.Омаров, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы С.Айтенова, қала, ауыл округтеріндегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, медиаторлар, аудандағы білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Мәжілісті аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов ашып, жүргізіп отырды.
Іс-шара барысында Қ.Ілесов «Медиация – қоғамдық келісімді жаңартудың негізі» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Мыңбай Дархан Қамзабекұлының қатысуымен өткізілген медиаторлар диспут-форумында көтерілген мәселелерге тоқталды. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы С.Айтенова «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар тағлымдамасы» бағдарламаларының орындалуы бойынша хабарлама жасады.
Аудандық соттың судъясы С.Омаров аудандағы медиация саласында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Алипов қазақ алвавитінің латын қарпіне көшу бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Жарыссөзге шыққан Г.Шәмеева, А.Данияров, Б.Жанайдар және Ж.Төлешовалар жас жұбайлар арасында ажырасу, медиация т.б. бағытта өз ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР