18-09-2021
33.3 C
Шымкент

Отырарда оңды істер көп

Жыл басынан бері ОҚО  Отырар ауданының ішкі өнім көлемі 30 млрд-тан асты. Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 102 пайызға артық. Бұл туралы аудан әкімі жұмысының 8 айлық қорытынды есебінде мәлім болды.  Алға қойған міндеттер мен индикаторлар межеден артық орындалып, бюджет жоспары 104,8 есеге артып отыр. Кәсіпкерлік саласы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 103пайызға жетсе, жеке инвестиция көлемі 2,1 есеге көбейген.  Суармалы жер көлемі де былтырғыға қарағанда көп. Аудандағы құрылыс тұрғын-үй, жол, абаттандыру, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салалары бойынша ілгерілеу бар. Ерлан Айтахановтың 8 айда атқарған жұмыстары мен алға қойған міндеттерін аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, өте жақсы деген бағасын берді. Өз кезегінде әкім де алға қойған міндеттер мен жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асатынын алға тартты. Жоспарлы міндеттерді атқаруда депутаттық корпуспен тығыз байланыста бірлесе отырып жұмыс жүргізетіндігіне сенімін білдірді.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР