20-04-2024
13.3 C
Шымкент

Туризм дамуына үлес қосуда

ОҚО Түркістан қаласында «Шипалы су» деп аталатын демалыс орны бар. Қасиетті мекенде туризмнің дамуына өзіндік үлесі бар нысан бүгінде мемлекет қолдауын қажет етіп отыр. Демалыс аймағының шипалы суын алыстан ат арытып, іздеп келушілер де бар. Тек туристерге көрсетілетін қызмет сапасы көңіл көншітпей тұр. «Шипа су» Түркістанға Отырар ауданынан келер жолдағы Гаухар ана кесенесінің маңайында орналасқан. 1967 жылдан бері тұрақты жұмыс істейтін емдеу орталығына келімсектер аз. Оның негізгі себебі – туған жердегі қасиетті судың қадірін көптің біле бермейтінінде.

Салтанат Ахметова – «Шипа су» емдеу орталығының аға мейірбикесі:- Судың құрамында йод, темір, мангий, калций, хлор, тұз бар. Ол адам денсаулығына өте пайдалы. Өт, асқазан, гастрит, ішек жолдары, зо, қант диабеті, аяқ-қол буындарының қақсағаны мен суықты кетіреді. Бағасы да арзан.

 «Шипа судың» тарихы да тереңде жатыр. Жер астынан атқылап шығатын ыстық суды ең алғаш шет елдіктер байқаған. Кейіннен жергілікті тұрғындар пайдаланып, емхана ашқан. Қазір мұнда 4 корпус пен ашық және жабық бассейін жұмыс істеп тұр.

Гүлжамал Даханова – Түркістан қалалық туризм және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы: — Біз туризм бағытнда осы нысанды қолға алып отырмыз. Мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында жұмыс істеп, мемлекеттік сатып алуларға қатыстыруға ниетті болып отырмыз.

Емдік қасиеті бар судың Удмуртск қаласындағы Ново-Ижевскии мен Украинадағы «Трусковец» суының құрамымен сәйкес келетіні дәлелденген. Сондықтан да жергілікті билік дәл осы емхананы туризм бағытындағы нысан ретінде қолға алып, мейлінше қолдау білдіруге бек дайын.

П.Биназарқызы

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР