20-04-2024
22.3 C
Шымкент

Академик М.Сапарбаевты еске алу турнирі өтті

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдерді спортқа тарту және достастық қатынастарын күшейту, сондай-ақ жасөспірімдерді нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу және Грек-рим күресі спорт түрімен шұғылданушы жасөспірімдердің шеберлігін арттыру мақсатында 2017 жылдың 12-13 қазан аралығында КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, күрес спортының жоғарғы санаттағы төрешісі, КСРО дене тәрбиесінің үздігі, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Сайрам ауданының құрметті азаматы, академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында дәстүрлі ХХVІ республикалық ашық турнирі өткізілді.
Бүгінгі турнирге көршілес Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан және Астана, Алматы қалалары сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 570-ке жуық жасөспірімдер қатыстырылды.
Аталған турнир 1991 жылы бастау алып, биыл 2017 жылдың 12-13 қазан аралығында ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, «Қайрат» спорт кешенінде дәстүрлі 26-шы рет өткізілуде. Салтанатты ашылуына Сайрам ауданының әкімі Мамаев Бақтияр Сапарәліұлы, Мардан ағамыздың ағасы КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, КСРО және Қазақ КСР-нің оқу ісінің үздігі, бокстан тынық мұхиты флотының 7-і дүркін жеңімпазы, Қазақ КСР-нің күрестен 5 дүркін жеңімпазы, республикалық балалар мен жасөспірімдер футбол ассоциациясының президенті, «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласының, Сайрам ауданының сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Сапарбаев Махамбет Баймырзаұлы және Мардан ағамыздың ұлы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжнің президенті Сапарбаев Марат Марданұлы, облыстық дін басқармасының басшысы Сапарбаев Самат Айдарханұлы, Мардан ағамыздың шәкірттері КСРО спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Сайрам ауданының Құрметті азаматы, облыстық жекпе-жек түрлерінен олимпиада резервін дайындайтын спорт мектебінің директоры Ставицкий Николай Михайлович және КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, Грек-рим күресінен Еуропа, КСРО спартакиадасының, сондай-ақ әлем кубогінің 4 дүркін жеңімпазы Дециев Бисолт ағаларымызға қатысып, турнирге қатысушы спортшыларға сәтілік тілеп, баталарын берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР