08-04-2022
16.3 C
Шымкент

Қамкөңіл жандарға арба сыйлады

Түркістандық жас кәсіпкер 8 бірдей мүмкіндігі шектеулі азаматты қуанышқа бөледі. Жүріп-тұруы қиын жандарға мүгедектер арбасын әперіп көңілдерін марқайтты. Мұнан өзге әлеуметтік аз қамтылған жарымжан жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Екі дүние есігі саналған Түркістанда 11 мың 852 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның бірқатары жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылғандар. Солардың бәрі бірдей қоларбаға қол жеткізе бермейді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін демеушілердің бұл игілікті ісі әжептеуір көмек болды.  Жарымжан жандарға қуаныш сыйлаған азамат – Сәбит Рысбеков. Елден жырақта кәсіп дөңгелетіп отырған ол жерлестеріне қол ұшын созғанын бақыт санайды. Мұқтаждардың қолтығынан демеуді азаматтық парыз деп біледі. Зиябидин Файзиметовтың жасы – 60-қа таяған. 6 баланың әкесі ІІ топтағы мүгедек. Әйелі мен 3 қызы да төсек тартып жатыр. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, демеушілік танытқандарға алғысы шексіз. Айтып өтейік, қазір Түркістанда зейнет жасындағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін емдік-сауықтыру орындарына жалпы 1 138 жолдама бөлінген. Жыл басынан бері 97 мүмкіндігі шектеулі жан тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бір ғана ИНВА такси қызметін қолжетімді ету үшін 7 млн. 45 мың теңге қаржы қаралған.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР