04-09-2021
31.3 C
Шымкент

Тыныштық бар жерде бақ тұрады

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Төлеби ауданында жастар форумы өтті.
Аудандық мәденет үйінде өткен жиында этносаралық татулықты нығайту, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды.
Жиынға облыстық ассамблея хатшылығының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары, аудандық мәслихаттың депуттары, діни бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жеткшілері қатысты.  Форумда облыстық Қазақстан халқы Ассамбмлеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы тыныштық пен тұрақтылық арқылы келгенін айтып, берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымызды одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды.
Жиында сөз алған облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы Әлішер Сатвалдиев елімізде жастарға беріліп отырған мол мүмкіндікті тиімді пайдалана білу қажеттігін сөз етті.
— Мемлекетімізде барлық этностардың жастарына тең мүмкіндік жасалған. Тіпті, өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін дамытуға да кедергі жоқ. Қолаудың арқасында бизнесте, ғылымда, өнерде биіктерден көрініп жүрген өзбек этносының жастары аз емес. Ынтымағы жарасқан ырысты елде өмір сүріп жатқан біздің жастар бақытты,- деді Әлішер Сатвалдиев
Еркін форматта өткен басқосуда аудан жастар дін, жастар саясаты, жұмыспен қамту, білім, кәсіпкерлік саласына қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлерінде жүрген сауалдарына сала мамандарынан тұшымды жауаптар алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР