05-04-2022
11.3 C
Шымкент

Ауылшаруашылығы өнімі мол жиналды

Өңір шаруалары мен дихандарының көкше байлығын жинап, төлін санайтын кезі келді. Аграрлы аймағымызда биыл көкөніс, бақша, дәнді дақыл молынан жиналған. Жалпы өнім көлемі 376 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 57 млрд. теңгеге артты. Өңір басшысының бастамасымен қолға алынған қожалықтарды біріктіру жұмыстары да оң нәтиже берді. Облысымыздағы 55 мыңнан астам ұсақ қожалық 674 ірі кооперативке бірікті. Аграрлы аймағымыздағы жетістіктерді сала басшысы баспасөз брифингісінде баяндады. Табиғаты қолайлы, жері шұрайлы өңірімізде жер емген дихандардың биыл маңдай тері ақталды. Көкөніс көлемі 2,5 мың гектарға азайғанмен, өнім өткен жылмен салыстырғанда 110 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылық экспортының көлемі 211,4 млн АҚШ долларын құрады. Ауыл шаруашылығын қолдауда мемлекеттің ықыласы ерекше. Мәселен, биыл осы саланы несиелендіруге республика бойынша 27 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржының 3,2 млрд-ы – облысымыздың  еншісінде. Десек те мақта өнімі биыл көңіл көншітпеді. Ақ алтын бағасы жоғары болғанмен, сапасы сыр берді. Ауыспалы егіс шартын назарға алмаған дихандар шығынға батпаса да, табысы аздау.   Жыл басынан басталған шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары оң нәтиже берді. Жеңілдетілген жанар – жағармай, өсімдікке қажетті дәрумендер біріккен ұжымдарға бірінші кезекте жеткізілді. Ұсақ шаруашылықтардың іріленуіне мемлекеттен 7 млрд. 200 млн. теңге бөлінді. Қаралған қаржы өңір шаруаларына тың серпін берді.  Жылда келер жылдан үміт күтетін шаруалар сабан тойдан кейін жер жыртып, жаңа науқанға дайындықты бастайды.

К. Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР