17-04-2024
16.3 C
Шымкент

Сүт қабылдау жұмысы қарқынды

Ауыл шаруашылығын ел экономикасының локомотивіне айналдыру – Елбасымыздың биылғы жолдауындағы басым бағыттың бірі. Бұл тұста шаруалардың кооперативтерге бірігуі – маңызды шаруа. Біздің түсіру тобымыз қазір ғана ОҚО Қазығұрт ауданынан оралды. Сүт қабылдау жолында біріккен шаруалардың берекелі жұмысын бағамдасақ. Бұл — Шарапхана ауылдық әкімдігіне қарасты Махамбет Өтемісұлы ауылы. Мұнда құрылған Қаратас өндірістік кооперативінің құрамына 122 шаруа қожалығы мүше. Барлығы бірігіп, сүт қабылдау жұмысымен айналысуда.  Бұл мақсатқа деп 130 млн. теңге несие алған. Мақсатбай  Мәуленов —  «Қаратас» ӨК  төрағасы: —   Фудмастерге литрін 80 теңгеден өткізіп жатырмыз. Күніне 1 тонна 200 литрдей. Алдағы уақытта бір компаниямен шектеліп қалмай жұмыс істейміз деген ойдамыз.Келер жылы 3 тоннадай сүт өндіріп сатуды жоспарлап отырмыз.

Ауданда  жыл басында 7 кооператив құрамыз деген жоспар болған. Қазір 21 ұжым жасақталды. Былтыр 19 кооператив құрылған.  Сөйтіп, кооперативтер саны  40 – қа жетті. Сәйкесінше, өндірілген өнім көлемі де еселеп артуда. Төлеген Телғараев- Қазығұрт ауданының әкімі:-  Өткен 2016 жылы өндірілген ауылшаруашылық өнім көлемі 29 млрд теңге болды. Биыл біз соны 32 млрд теңгеге жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Есепті кезеңде 9 айда бүгінгі таңда 24 млрд теңгенәі құрап отыр. Оның ішінде 14 млрд теңгесі мал шаруашылығы 10 млрд теңгесі егістіктен құрап отыр.

Ендігі мақсат: сүтті өңдеу жұмыстарын дамыту. Аудан басшылығы бұл бағыттағы жұмыстарды да жандандырамыз деп құлшынып отыр.

Н.Кенжехан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР