03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Жихаз цехын кеңейтті

Түркістандық кәсіпкер шетелдік маманның тәжірибесіне жүгініп, жиһаз шығара бастады. «ГрандМикс» фабрикасын бұл тұста «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдап отыр. Қазір рухани шаһардың жетекші кәсіпорны Германиядан арнайы келген дизайнердің сән үлгілерін басшылыққа алуда. Өзара тәжірибе алмасу… қазірдің өзінде өнім сапасын арттырып, тұтынушы таңдауын ұлғайтуда.  «ГрандМикс» алғашында үй жанынан ашылған цех болған. Кейіннен мемлекеттен қолдау алып, өрісін кеңейтті. 100-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын үшін қаладағы индустриалды аймақтан арнайы орын берілді. Өндіріс көлемі артқан мекемеде білікті кадр тапшылығы сезіледі. Сол себепті де шет елден маман алдырып отыр. Камал Юлдашев – «ГрандМикс» ЖШС-і директорының орынбасары:-Мына еліміздегі 2020 бағдарламасы бар, жұмыспен қамту бар, солардың бәрін жүзеге асырып, елімізді көркейтуді көздейміз. Атамекен палатасына өтініш жасадық бізге маман қажет деп, міне осы маманды тегін бізге әкеліп берді. Енді өндірісті арттырамыз.

Шетелдік маман қазір жергілікті жұмысшыларға жиһаздардың сан түрлі үлгілерін үйретіп жатыр. Кеңсе және үйге қажетті орындықтар мен үстелдердің сапасына жіті ден қойылуда.

Нәлібай Дәрібаев – «Атамекен» ҰКП Түркістан қалалық филиалының директоры:- Бұл фабриканың мүмкіндігі зор. Шет елге экспорт шығаруға да қайрқарлы. Тек мықты кадр тапшы. Енді міне біз осы кісіні Германиядан алдырттық. Ары қарай жұмыстары жандана түсетін болуы керек.

«ГрандМикс» айына 200-300 миллион теңгенің тауарын өндіруде. Қазаннан бастап, өндіріс көлемі екі есеге артып отыр. Сұраныс көбейген. Шетелдік маманның тәжірибесі көмегімен өз жиһаздарын алдағы уақытта еліміздің барлық аймағына шығаруға дайын. Ол үшін қажетті құрылғының бәрі бар.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР