16-04-2024
13.3 C
Шымкент

«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз»

ОҚО Төлеби ауданындағы №8 колледжінде студент қыздар арасында «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты кездесу болып өтті. Ұйымдастырылып өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты қазіргі қоғамда өзекті мәселеге айналған ерте жүктілікті алдын алу, өскелең жас буынға дұрыс тәлім-тәрбие беру, бойжеткен қыздар арасында зорлық-зомбылық және басқада орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу және де отбасылық құндылықтарды нығайту болып табылады.
Ағашқы сөзді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан ашылған әлеуметтік психологиялық қызметі сүйемелдеу секторының әлеуметтік қызметкері П.Сайранова ашып жүргізіп отырды. Ең алдымен қалалық емхананың психологы З.Құлжанова сөз алып, отбасындағы әке мен ана арасындағы ұрыс керіс, ер азаматтың жаман іс әрекетінің арқасында зорлық-зомбылық болатынын қызбала анасымен сырласып, болашаққа деген көз қарас қыздардың өмірге деген сенімін, тәлім-тәрбиесін зорлық-зомбылық неден туындайтының түсіндіріп, қыздарға жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау кезінде әр бір қыз өз ойларын ашық айтып қажетті сұрақтарына жауаптарын алды. Кездесудің соңында психолог З.Құлжанова психологиялық тұрғыда жаттығулар жасатып қатысқан қыздардың көңілдерін көтеріп кездесуді аяқтады. Келер уақыттада осындай жеке кездесулер жалғасын таппақ…

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР