20-04-2024
21.3 C
Шымкент

Жарықты жарқыратқан

Уақыт өткен сайын қандай заттың болмасын тозығы жететіні рас. ОҚО Созақ ауданы Жартытөбе ауыл әкімшілігіне қарасты Бабата елді мекеніндегі жарық бағаналарының тозығы жеткендігі байқалатын. Жел тұрса жарық өшіп,әбігерге салатын. Шіріген бағаналар кейде салмақты көтере алмай құлап қалатын.
Қыркүйек айынан бастап елді мекеннің бағаналары жаңартыла бастады. Сондай-ақ, жаңа трансформатор қойылды. Бұрынғыдай емес, жарығымыз жақсы жанып тұр. Әлеуметтің әлеуметтік жағдағы осылайша жақсарып келеді.
Аудандық электр жүйесінің басшысы Құрманәлі Көлбаевқа ризашылығымызды білдіреміз. Қазір 4 шақырымның бағаналарын ауыстырды. Қалған көшелерді жасап берсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Жартытөбе ауыл әкімшілігінің қоғамдастық мүшелері әкімшілікке қаралған 1 миллион 600 мың теңгеге Бабатаның орталық көшелерін жарықтандырылды. Елді мекенде жарық самаладай жарқырап тұр.
Ауданда электр жүйесінде жұмыс істейтін Елдос деген жігіт өте елгезек жан. Қашан барсақ та жылы пейілмен қарсы алады. Жұмысымызды уақтылы бітіруге асығады.
Ауа-райының қандай қиын кезеңдері болса да жұмыс басынан табылады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі аудандық электр жүйелерінің қызметкерлері: бақылаушылары П.Бекжігітовке, О.Өмірзаққа, Р.Аштархановқа, диспетчер Б.Сариевке, шебер Қ.Иманбердиевке, электро-монтерлер Б.Аштархановқа, Ж.Аяжановқа, Н.Үдербаевқа, О.Ердебековке сондай-ақ, осы мекемеде қызмет атқаратын барлық қызметкерлерге айтатын алғысымыз шексіз.
Е.ЕСБАЕВ,

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР