19-04-2024
14.3 C
Шымкент

Абақтыдан босап шыққан әйелдер жұмыспен қамтылды

Шымкентте еңбекпен түзеу мекемесінен жазасын өтеп шыққан азаматтар жұмыспен қамтылып жатыр. Бостандыққа мамандық меңгеріп шыққандарды кәсіпкерлер де кеудеден итеріп жатқан жоқ. Бұл — Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының бастамасымен қолға алынған «Сен қоғамға керексің» жобасының жемісі. Бүгін бостандыққа шыққан бір топ әйел жұмысқа орналасты. Мықты маман — жетістіктің кепілі. «Көмек Болашақ» мекемесінің бас технологы Погосян ханым түзеу мекемесінен тігіншілер іздеуге тіксінбеген. Өйткені, былтыр әйелдер колониясында өткен тігіншілер байқауына көрермен боп, тамсанып қайтқан болатын. Ельмира Погосян, «Көмек Болашақ» кәсіпорнының технолог-шебері: «Былтыр байқауда бірнеше тігінші шеберге көзім түсті. Түзеу мекемесінен босап шыға салысымен бізге жұмысқа келулерін сұрағанмын. Бізге мықты мамандар қажет.» Ирина Буздуга тігін цехына түзеу мекемесінен босай салысымен жұмысқа тұрған. Шебердің жұмысы қызып тұр. Өнімнің сапасына аса мән беруді де ұмытпайды. Ирина Буздуга, тігінші: «Бұрын мен тігіс тіге алмайтын едім. Темір тордың ар жағында оны да меңгеріп, қыр-сырына үңіле түстім. Ұнайтын ісіме айналды. Қазір жалақым да жаман емес.» Кәсіпорында мемлекеттік тапсырыспен киім тігіледі. Қыстық және жаздық униформалар мен төсек жабдықтарының таңдауы көп. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне баса назар аударылады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік оңалту бағдарламасына іліккендер де назарда. Бастысы өзө ісінің шебері болса жеткілікті. Алмагүл Рыскелдиева, 167/4 түзеу мекемесінің жанындағы тігін колледжінің оқытушысы: «Біздің мақсатымыз — білім ордасындағы азаматтарға жаңа кәсіп меңгерту. Белгілі бір мамандық бойынша өзі ісінің шебері болуына баса назар аударамыз. Бостандыққа шыққанда қоғамға етене араласып өмірден өз жолдарын табуыларына сеп болады.» Бағлан Әли, ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры: «Сен қоғамға керексің» жобасы түзеу мекемесіндегілерге кәсіби білім беріп, бостандыққа шыққанда жұмыспен қамтуды көздейді. Түзеу мекемесінен шыққандарға жұмыс беріп, қабілеттеріне назар аударып, өмірге деген үмітін ұштаған кәсіпкерлердің көптігі қуантады.» Алдағы уақытта «Көмек Болашақ» мекемесі тағы екі тігін цехын ашуды көздейді. Өз ісінің шеберлерін мұнда құшақ жая қарсы алуға дайын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР