test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Алғысымды «Алғабас» арқылы білдіремін

Елбасымыздың «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» деп аталатын Жолдауын жүзеге асыру мақсатында сол кездегі аудан әкімі Ұ.Сәдібеков ескі автовокзалды күрделі жөндеуден өткізіп, халыққа қызмет көрсету орталығын ашқан болатын. ХҚКО-н құру идеясы прогрессивті идея ретінде тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болғандығын дәлелдеп, өзін-өзі ақтап отыр. Мемлекеттік қызметті алуға жүгінген әрбір азамат өзіне қажетті барлық анықтамалар мен құжаттарды «бір терезеден» алуда.
Сонымен қатар сол жердегі кеңесшілер мен операторлар келген кісілердің қойған сұрақтарына нақты жауаптар беріп, тиісті көмек көрсетеді. Күні бүгінге дейін сапалы қызметке дән риза тұрғындар күннен күнге артып келеді. Біздің де аудан орталығындағы ХҚКО-ның қызметкерлері де осындай алғысқа ие жандар. Солардың бірі, көптеген жылдар бойы осы салада қызмет етіп жүрген – Орынкүл Ағыбаева.
Қазақстанда мобильді ХҚКО жұмыс істей бастағалы бұл орталықтың жұмыскерлері мемлекеттік қызмет көрсетуге жеке қызмет көліктерімен шыға бастады. Мұндағы мақсаты – шалғайда орналасқан елдімекендердегі халыққа және мүмкіншілігі жоқ азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыздандыру болып табылады. Мобильді қызмет ұсынушылар Бәйдібек, сондай-ақ, Созақ аудандарын арнайы бекітілген кесте бойынша аралап, қызмет ұсынуда.
Жуырда бұл мобильді топ мүшелері Ақбастау ауылында болып, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жасы үлкен, жүре алмайтын қария кісілердің үйлеріне барып керекті құжаттарын дайындап берді. Мен де мүмкіндігі шектеулі жанмын.
Осы топтың қызметкері Д.Күмісбековке ауыл тұрғындары дән риза екендігін айтқым келеді. Ол кісі біздің де үйге арнайы келіп, маған керекті құжаттарды компьютермен электронды жүйе арқылы қалай алуды үйретті. Қазіргі таңда өзіме қажетті құжаттарды үйде отырып ала беремін. Осы арқылы уақыт үнемдеймін әрі құжат үшін аудан орталығына сабылып әуре болмаймын.
Мен өзімнің сүйікті газетім, ауданның айнасы «Алғабас» арқылы аудандық ХҚКО-ның қызметкерлеріне үлкен алғы-сымды жеткізгім келеді. Еңбектеріңіз әрқашан жемісті, отбасыларыңыз аман болсын. Елдің алғысына бөленіп жүре беріңіздер.

Нұрила АСАНҚЫЗЫ,
Ақбастау ауылы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР