04-09-2021
20.3 C
Шымкент

Ұлттық сананы жаңғырту — маңызды

Тәуелсіз ел ұрпағының бойына ізгілік, әдептілік сынды ең асыл қасиеттерді сіңіру. Осыны мұрат еткен төлебиліктер аудан орталығында «Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесі» деген атаумен іс-шара өткізді. Жиынға Түлкібас және Сайрам аудандары белсене ат салысты. Кеңейтілген бағдарлама Төлеби бабаның ескерткішіне гүл қоюдан басталып, қолөнер көрмесімен қоса, мұражайға саяхатпен жалғасты. Бұхарбай Парманов – Төлеби ауданының әкімі:-Елбасы мақаласындағы ұлттық сананы жаңғыртудың негіздері көрсетілген. Бәсекеге қабілетті ұлт болып саналу үшін ұлттық санадағы пайдалы, ізгі  қасиеттерді қайта түлетіп, жаман ойлардан арылу керек екендігін атап көрсеткен болатын. Ата-бабамыздың салтын сақтап, дәстүрін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған  игі шарада ұлттық тағамдар ұсынылды. Шараға қатысушылар Төлеби тарихынан сыр шертетін аудандық мұражайға ат басын бұрды. Кейіннен қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрмені тамашалады.

Үрзада Айтөреева – Облыстық Әжелер алқасының төрайымы: — Жалпы, әр жылы күз айларында Ардагерлер кеңесі барлық аудан-қалаларды аралап, түрлі насихат жұмыстарымен, ұрпақ тәрбиесімен айналысуды дәстүрге айналдырған. Биылғы кезек Төлеби ауданында семинар ретінде Түлкібас және Сайрам аудандарының қатысуымен өтіп жатыр.

Іс-шара көркін концерттік бағдарлама қыздырды. Арнайы қойылымдар қойылды. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар көрермен көңілінен шықты.

Күнсұлу Орынбекова – батыр ана: —Бұрындары свет те жоқ. 10 шырақты жағып қойып, түнде тігетінбіз, күндіз сабаққа баратынбыз. Аналарымызға жәрдемдесетінбіз. Кесте тігіп, тор тоқитынбыз. Қолөнерді сол кезде дәстүр деп, қатты үйретті. Ол кезде қыздар сол кестені тігіп, барған жеріне іліп тастайтын болу керек еді. Сонда мынау келін өнерлі екен дейтін. 8 қыз, 2 ұлым бар. 50 немерем, 21 шөберем бар.

Әр ұлттың қай кезеңде болмасын, ұлы міндеттерінің бірі – өмір өрнегін жалғастырар салауатты, саналы ұрпағын тәрбиелеу. Бұл шара — сол үдеден шығуға ұмтылдыратын жиын.

Арайлым Байзахова

 

…………………

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР