03-09-2021
28.3 C
Шымкент

Дін мен дәстүр үндестігі

18-қазан — Рухани келісім күніне орай бүгін ОҚО Ордабасы ауданы әкімдігінде ауыл имамдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.  Рухани келісім – мемлекет дамуының маңызды факторларының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында ұлттық кодтың маңызы, рухани жаңғырудың болашақ үшін әсері кеңінен баяндалғаны баршаға аян. Ал, биылғы дәстүрлі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еліміздің Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келетінін айтты. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізуді жүктеді. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруды тапсырды. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов еліміздің Конституциясында Қазақстан Республикасы дін мемлекеттен бөлінген зайырлы мемлекет екендігі нақты айқындалғанын, дегенмен, мемлекет дамуында ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің ерекше маңызы барын атап өтті.  Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуахасов рухани келісім күнінің шығу тарихына тоқталып, оның мәнін аша түсті. Ауыл имамдары көкейіндегі мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты. Дін мен дәстүр үндестігін сақтап, ел игілігі үшін аянбайтындарын жеткізді. Жиын соңында Рашид Үсіпханұлы дін қызметкерлеріне Алғыс хат тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР