25-04-2024
18.3 C
Шымкент

Діни бірлестіктердің кеңесі болып өтті

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Ауыл округтері әкімдері мен имамдар, тиісті сала басшылары мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысқан жиынды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Абайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының діни сенім бостандығын құқықтық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни байланысты нығайту және конфессияаралық қатынастар үйлесімділігі мәселелеріне ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында өткен жиында Талапты, Балтакөл, Қарақоңыр ауыл округ әкімдерінің ауылдардағы діни ахуал жөнінде және діни мәселелер бойынша атқарылған жұмыстары мен алға қойған мақсаттар туралы баяндама жасады.
Жиын барысында имамдар тарапынан ауыл округ әкімдеріне сауалдар қойылып, оған тұшымды жауаптар алды.
Кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары мемлекет саясатын жүзеге асыру мақсатында жасалынып жатқан іс-шаралар мен қоғамдағы діни байланысты одан ары жандандыруды ауыл әкімдері мен сала басшыларына тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР