test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

ОҚО Отырар аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде аудан әкімінің биылғы 8 айда атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
2017 жылдың 8 айында әлеуметтік – экономикалық салада даму көрсеткіші ойдағыдай. Атап айтсақ ауданда өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 29 млрд. 688,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102,0 пайызға артты.
Осы 8 айда алға қойған міндеттер мен индикаторлар межеден артық орындалып, бюджет жоспары 104,8, кәсіпкерлік саласы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 103,0 пайызға, жеке инвестиция бойынша 2,1 есеге артты.
Жыл ішінде суармалы жер көлемі 3000 га артып, егіс көлемі 28050,1 га жетсе, мал шаруашылығында да өсім байқалады. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара 107, уақ мал 114, жылқы 109, түйе 108, құс 102 пайызға артқан.
Қорыта айтқанда, аудандағы құрылыс тұрғын-үй, жол, абаттандыру, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салалары бойынша ілгерілеу, яғни, даму, өркендеу бар.
Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың 2017 жылғы 8 айда атқарған жұмыстары мен алға қойған міндеттерін аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, өте жақсы деген бағасын берді.
Сессия соңында халық қалаулыларының бүгінгі бағасына ризашылығын білдіріп, халықтың берген авансы ретінде қабылдаған аудан басшысы алға қойған міндеттер мен жоспарлар әлі де көп екендігін жеткізіп, жоспарлы міндеттерді атқаруда депутаттық корпуспен тығыз байланыста бірлесе отырып жұмыс жүргізетіндігіне сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР