19-09-2021
22.3 C
Шымкент

Жеңілдетілген несиенің несібесін көріп отыр

Үкіметтен берілген жеңілдетілген несие жылыжай кешенінің жұмысын жандануға септігін тигізді. Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені бүгінде жылына 4,5 мың тонна балғын өнім өсіруде. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда да маңызды орын алады. Өнімді экспортқа шығаратын кәсіпорынның бүгінгі тіршілігін біздің түсіру тобымыз көріп қайтты. «Аделя» кешені индустрияландырудың алғашқы 5 жылдығында бой көтерді. 2011 жылы 5 гектармен жұмыс бастаған кешен көлемі бүгінде 16 гектарға жетті. Оның 11 гектарына қияр егілсе,  5 гектарында қызанақ жайқалып тұр.

Бақтияр Асылбеков — «Аделя» жылыжай кешенінің директоры: Жалпы, жобаға «Қазагроқаржы» АҚ 2011 жылы 440 млн., 2013 жылы 2,2 млрд. теңге бөлінген. Қазір мұнда 150 сезон кезінде 180 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өнімнің 95 пайызы Ресейге экспортталады.  Себебі,  экологиялық таза өнімге көрші елде сұраныс жоғары. Мұндағы технология бойынша гербицидтер мен аммиакты селитра қосылмайды. Зиянды нитраттар көлемі белгіленген шектен 15 есе төмен. Дегенмен, жылыжай көлемін арттыруға әзірге ниет жоқ. Оған басты себеп  қуат көздерінің қымбаттығы.

Бақтияр Асылбеков- «Аделя» жылыжай кешенінің директор: Қазіргі кезде электр энергиясының ең  қымбаты, газдың ең  қымбаты Шымкентте. Өзіндік құны 33 пайызы біз электр қуатына жұмсаймыз. Ол жылда қымбаттауда тарифтер. Бұлай жалғаса берсе, теплицадан пайда үлкен алып келеді деп ойламаймын.Сондықтан оны ұлғайту онша маңызды емес.

Еліміздегі ең ірі жылыжай кешенінің тыныс-тіршілігі осылай. Мемлекеттен қолдау алған алып кәсіпорынның жұмысы жүйеленген.

Н.Кенжехан   

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР