25-04-2024
18.3 C
Шымкент

Кәсіпкерлер үшін шеберлік сабағын өткізді

Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Амангелді» ЖШС-нің директоры Нұрлан Құралов, «Алтын Адам» тігін фабрикасының директоры Балжан Қалмұратова, «Bella Mebel» жиһаз фабрикасының бренд-менеджері Умида Назирова болашақ кәсіпкерлер үшін шеберлік сабағын өткізді. Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов ашып, жүргізген жиынға аудан-қалаларынан кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтар мен кәсіптік мамандықты игеріп жатқан студент жастар қатысты. Еркін фарматта өткен басқосуда кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жетудің жолдары жайлы ашық әңгіме өрбітті. Ауыл шаруашылығымен айналысуға қолайлы аймақта орналасқанымызды айтқан «Амангелді» ЖШС-ның директоры Нұрлан Құралов бұл саланың болашағы зор екендігіне нақты мысалдар келтірді.  Ал, «Алтын Адам» отандық киімдер брендінің негізін қалаушы Балжан Қалмұратова жастарды бүгіннен кәсіпкерлікке бейімделуге шақырып, бұл бағытта тәжірибе алмасуға әрқашан дайын екенін айтты. Еуропалық сапада өнім шығаратын «Bella Mebel» жиһаз зауыты жақында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Сайрам ауданында ашылған. Жылына 4 мың жиынтық жиһаз шығаруға қауқарлы фабриканың өкілі кәсіпкерлерге мемлекет тарапына көрсетіліп жатқан қолдауларға кеңінен тоқталды. Айта кету керек, облыстық ассамблея өңірдегі этномәдени бірлестіктермен бірге тек көпшілік мәдени іс-шаралар өткізумен шектелмей, туған жердің экономикасын дамытуға да үлес қосып келеді. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына этномәдени бірлестіктер тарапынан лайықты үлес қосу, белгілі бір кәсіпке маманданған ҚХА мүшелерінің үздік іс-тәжірибелерін өзгелерге үйрету арқылы тұрғындар арасында кәсіпкерліктің өріс алуына жағдай жасау бағытында жыл басынан бері бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, облыстық өзбек, тәжік, түрік этномәдени бірлестіктерінің ұйымдастыруымен шағын несие ұйымдары жетекшілерімен кездесулер, Сайрам, Мақтарал, Сарыағаш аудандарындағы жылыжайлар мен мал бордақылау алаңдарында практикалық семинарлар өтті. Оған 300-ден астам адам қатысып, өз ісін бастауға бағыт-бағдар алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР