21-09-2021
14.3 C
Шымкент

Фермерлер Одағының жиыны өтті

ОҚО Отырар ауданында фермерлер одағының конференциясы болып өтті. Қазақстан фермерлер одағы ОҚО филиалының директоры Жүсіп Шәріпов ашып жүргізіп отырған жиынға шаруақожалық төрағалары, фермерлер мен кәсіпкерлер және сала мамандары қатысты. 

Жиында сөз алған Облыстық Кәсіпкерлер палатасы Агро өнеркәсіп кешені бөлімінің бірінші дәрежелі сарапшысы А.Алибаев фермерлер одағының құрылудағы негізгі мақсатына тоқталып ондағы көрсетілген бірқатар тарауларды алға тартты. Сондай-ақ Қазақстан фермерлер одағы республикалық бірлестігі басшысының орынбасары Ж.Өмірзақов мемлекет тарапынан жасалынып жатқан көптеген жеңілдіктерге қол жеткізу үшін ұсақ шаруаларды өзара біріктіріп, кооператив құру жайында баса айтты. Жиын соңында көтерілген мәселелерге байланысты көпшілік тарапынан сауалдар қойылып, сала мамандары жан-жақты тұшымды жауаптар берді. Шаруалар ұсынысын мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Р.Әліш алдағы таңда нәтижелі жұмыс күтетіндігіне сенім білдіріп, кооператив құрудың маңыздылығы мен одан күтер жеңілдіктер туралы айтып, келген қонақтарға алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР