16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Бәсекелестікке қабілетті өнім өндіру үшін білімді мамандар даярлау қажет

ОҚО Аграрлы Колледж 12 мамандық бойынша білім береді, агрономия, орман шаруашылығы, ветеренария, зоотехника, ауыл шаруашылығын механикаландыру, электрмен қамтамасыз ету, сүт өнімдерін өндіру, метерология, сақтандыру және сертификаттау, тамақ өнімдерін өңдеу, тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясын ұйымдастыру бойынша мамандар дайындайды. Соңғы жылдары колледжде үлкен өзгерістер орын алды. Оқу өндірістік базасы құрылды. Жаңа өндірістік базалары құрылып, бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауға толық мүмкіндік бар. Колледжде 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, магистр дәрежесі бар 20, жоғары және бірінші санатты біліктілігі бар 64 оқытушы сапалы көрсеткіш бойынша білім беруде.Жұмыспен қамтылу деңгейі жоғары. Елбасы ауыл шаруашылық саласын дамытуға үлкен мән беріп отыр. Жаһандану дәуірінде бәсекелестікке қабілетті өнім өндіру ең басты міндет. Ауыл шаруашылық саласында таза экологиялық өнімдерді өндіру бағытында өзіміздің отандық өнімдерді дүниежүзілік нарыққа шығару басты міндет болып отыр. Агрономия саласында соңғы инновациялық жаңа тамшылатып суғару сынды тың әдістерді енгізіп, қарқынды бау, қарқынды жүзім, ауыспалы тұқымдар жүйесінде көкөністерді тамшылатып суғаруды оқытып үйретуде колледж үлкен жетістікке жетті. 2016 жылы Үздік 10 колледждің қатарына еніп, кіріп, еліміздегі барлық колледждердің басшыларын, білікті мамандарын шақырып республикалық семинар кеңес өткізілді. Осы бағытта табысты еңбек етіп келе жатыр.Студенттер көзбен көріп, қолмен ұстап, агротехнологиялық жүйесін атқаратын болса олар тез үйренеді. Осы бағытта 38 әлеуметтік серіктестікпен жұмыс істеудеміз. Ең бірінші «Оңтүстік батыс мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтында» тәжірибеден өтеді. Онда ауыл шаруашылығының жаңа инновациялық агротехнологияны оқыту-үйрету егістікке шығаруға ерекше мән беріліп отыр. «Амангелді» ЖШС табысты еңбек етіп келе жатқан корпорация. Сонда арнайы сынып бар. Студенттер егіншілік негізде, ғылыми негізлде қалай жүргізу соны үйретеміз. Заманауи технологияға сәйкес интенсивті бақтар, жүзім шаруашылығын қазіргі бәсекелестік бағытта өсіріп жатқан өндіріс. Сол жерде тәжірибеден өтеді студенттер. Былтыр студенттеріміздің 96 пайызы әртүрлі ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылды.Бәсекелестікке қабілетті өнім өндіру үшін білімді мамандар даярлауымыз қажет. Ғылым, білім шексіз дүние. Көкжиекке жету мүмкін бе, жақындаған сайын көкжиек алыстай түседі. Мен өзім бірнеше ғылыми атағым болса да білгенімнен білмегенім көбірек туындайды. Маман дайындау сапасы арта түсуде. Дами беру керек. Мамандарды заманауи жаңа технология негізінде модульдық жүйе бойынша даярлаудамыз. Ветеринария саласы бойынша бірінші ветеринар-санитар дайындайды 1 жыл 10 ай оқыса, егер 2 жыл 10 ай оқыса қолмен ұрықтандыру операторы болып шығады. Ал егер 3 жыл 10 ай оқыса осы саланың кәсіби маманы болып шығады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР