20-04-2024
26.3 C
Шымкент

Оңтүстікте жастарға қызмет көрсету секторы ашылды

Жастарға жағымды жаңалық. Оңтүстіктің жастар ресурстық орталығында жастарға қызмет көрсету секторы ашылды. Бұл дегеніміз, кез келген жас, ол студент болсын, жас отбасы немесе оқуды енді аяқтаған түлек болсын — барлығы кез-келген сұрақ бойынша осы жерге келіп, тегін ақпарат немесе маманның кеңесін ала алады. Мысалы айтып кететін болсақ, жастар қалай баспаналы бола алады? Бұл сұраққа жауап беретін арнайы жас маман отырады. Жұмыстың ретін, қажетті құжаттардың тізіміне дейін айтып, түсіндіреді. Айта кету керек, орталықта тұрғын үй құрылысы-жинақ банкінің өңілдері де бар. Жастар арасындағы екінші үлкен мәселе ол — жұмыспен қамту. Бұл сұраққа да жауап беретін маман бар. Сектор меңгерушісі Мадияр Қондыбаев жастарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламалардың тізімін және кімдер қатыса алатынын толық баяндап береді. Бұдан басқа секторда «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі бойынша да кеңес береді. Тек отбасылық мәселелер емес, сондай-ақ болашақ келіндерге, отбасын құруды ниет еткен ер жігіттерімізге де кеңес беріп, қызмет көрсетеді. Ал бет пен шаш күтімінің курстарынан өткен қыздар сертификат алады. Данель Тулекова әлі студент, бірақ болашақ келін болғандықтан үйренетінім көп дейді, сондықтан осы мектепке бір апталық курсқа жазылған. Данель Тулекова, студент: «Мен 1 аптаға курсқа жазылдым, бұл жерде көп нәрсе үйренуге болады екен. Мысалы орамалды қалай дұрысм тағу, тағамдарды қалай дәмді дайындауға болады, сондай-ақ шашқа, бетке күтім жасау, былайша айтқанда болашақ келінге не білу керек болса — барлығын үйретеді екен.»  Тек бұл ғана емес, жастардың шығармашылық топтарын қолдау, заңгер кеңесі және жазғы уақытты тиімді пайдалану бойынша да сол саланың мамандарынан мардымды жауап алып, қолдау таба аласыз. Сектордың меңгерушісі Мадияр Қондыбаевтың айтуынша, сектордың ашылуы жастарға көп мүмкіндік береді, ең бастысы уақытын үнемдеп, нақты нәтижеге жетуге жәрдем дейді. Мадияр Қондыбаев, жастарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі: «Бұл секторды ашудағы басты мақсатымыз — жастарға дұрыс жағдай жасау. Мысалы, жастар жұмыс іздеу барысында немесе басқа да жағдайларда құжаттар жинауда қиналады. Түйіндеме толтыра алмай жатады немесе оларды қайта-қайта  бір жерден басқа жерге жіберіп, артық жұмыс қосып береді. Ал біздің сектор «Бір терезе» қағидасына сай жасалған, яғни бір сұраққа жауап алуға келген жас басқа да көмектерге жүгініп, «бір оқпен екі қоянды ата» алады.» Сондай-ақ қызмет көрсету секторына кіре берісте орталықта қандай үйірмелер, кабинеттер, жоспарланып жатқан іс-шаралар туралы толық ақпарат алуға болады. Ендеше, жас толқын, егер жасың 14 пен 29 жастың аралығында болса, белсенді болып, талантыңды ұштағың келсе, орталықтың есігі күн сайын таңғы 9-дан кешкі 19:00-ге дейін сен үшін ашық. Қапы қалма!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР