20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Медиацияның қоғамға берері көп

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің көшпелі мәжілісі Сайрам ауданында өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов, эксперт Х.Бациев, Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Тыныбеков, кәсіби медиаторлар Л.Ақшегірова, Л.Асанова, Л.Нартаева, аудандық құқық қорғау орындарының өкілдері, ауыл әкімдіктерінің мамандары қатысты.
Іс-шара барысында тиісті саладағы заңнамаларға өзгерістер енгізу мәселесіне байланысты ұсыныстар мен ой-пікірлер тыңдалды. Жиында баяндама жасаған облыстық «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Хасан Бациев медиация желісін дамытуды Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктегенін айтып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Облыстық ассамблеяның ұйымдастыруымен осы жылдың 9 айында медиацияны дамыту мақсатында 276 іс-шара өткізіліп, оларға 4000-нан аса адам қатысты. Өткізілген іс-шаралардың нәтежиесінде облыс бойынша 5209 даулар медиация рәсімі арқылы тараптардың бітімгершілігімен аяқталған. Оның ішінде 2570 дауы сотта, 2639 дау сотқа дейін шешілген. Жалпы ел ішінде азаматтар арасындағы бітіспес дау жанжалдардың алдын алуда және шешуде медиацияның қоғамға берері көп.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР