17-09-2021
31.3 C
Шымкент

Татулықты тұғыр еткен

Ширек ғасырда алты құрлыққа атын әйгілі еткен Қазақстан барлық белеске тек елдегі бірліктің арқасында қол жеткізді. Мемлекетіміздің ендігі дамуын еселі етеміз десек, осы жолдан жаңылмауымыз керек. Осылай деп ұрандатқан түрлі ұлт өкілдері мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері Төлеби ауданында бас қосты. Татулықты тұғырлы етіп, ағайын арасындағы бірлікті бекем етуді көздеген шарадан тілші сөз саптайды. Бүгінгі жиынның ауқымы кең. Өйткені, бірлікті бекем етуді көздеген шараға медиация саласының мамандары мен дін қызметкерлері және түрлі ұлт өкілдері, жастар қатысты. Алдымен, аймақтағы ассамблея жұмысы мен қоғамдық келісім ұйымдарының ісі сараланды. Осыдан кейін медиаторлардың қызметіне мән берілді. Жиынды ұйымдастырушылар татулықты тұғырлы етуде әрбір саланың өзі қызметі барына жеке тоқталып, барлық күштің бірлікте екенін жеткізді.

Мұратәлі Қалмұратов – Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі: — Мынау ел бізге керек Жалпы ынтымақ пен бірліктің артуына сіздердің әрбірлеріңіз еңбек етулеріңіз керек. Орталыққа бару керек, жұмыс жасау керек. қоғамдық келісім кеңестері әр ауданда солар жұмыс жасауы керек.

Еліміздегі өзге аймақтар сынды Төлеби ауданы да — көп ұлтты мекен. Бүгінде бұл топырақта 10-нан астам ұлттың өкілдері тұрады. 6 этномәдени бірлестік бар. Қазір ұлтаралық байланысты бекітіп, халықтар арасындағы татулықты тұғырлы ету үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.Нұргелді Клушев — Төлеби аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы: — Қазіргі таңда біз осы 6 этно-мәдени орталық пен тығыз жұмыс жасаймыз. Аудан жастарының жаман жолға түспеуіне спорт пен айналысуына үлес қосудамыз. Жастардың уақытын тиімді пайдалануды үйлестіріп, ұлтаралық татулықты нығайту көздеген шара аудандағы ауылдық округдерде де ұйымдастырылды.

Мақсұт Айтжанов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР