18-04-2024
22.3 C
Шымкент

Шу ауылында ауқымды шара өтті

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Мұндай жүздесулер олар үшін өте маңызды. Өйткені, осындай шараларда қарт адамдар бір-бірімен шүйіркелесіп, бір сәтке сырқаттарын ұмытады.
Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ аудаындағы Шу ауыл әкімшілігінде қарттар күніне орай іс шара ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, өз ата-бабасын ұмытпай, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында 60 жастан асқан ауыл ардақтыларына құрмет көрсетілді. Атап айтқанда 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге «КАТКО БК» – ның ұйымдастыруымен әр отбасыға 1 қап ұннан таратылды. Сондай-ақ, Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебіне дыбыс жазу студиясын толық аппаратын сыйға тартты. Жиын барысында ауыл әкімі Манас ауыл қарияларын мерекелерімен құтықтап, 2 тонна тегін көмір таратылатынын айтып өтті. Мерекелік шараның көркін келтірген термеші Кенжебай Шал шәкірттерімен барып концерттік бағдарлама ұсынып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Біржан Жандәулетов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР