test
10-07-2024
33.3 C
Шымкент

Тың серпін, батыл бастамаларға жетелейді

ОҚО Созақ аудандық мәслихатының депутаты Күзенбаев Айбар Сабарбекұлы 25 қазан күні өзін сайлаған №6 Құмкент сайлау округіндегі сайлаушылармен кездесіп қайтты. Жиынды Құмкент ауылдық округінің әкімі Көбенов Абай Уалиханұлы ашып жүргізіп отырды. Аудандық мәслихаттың депутаты Айбар Сабарбекұлы сөз кезегінде, өткен жылғы атқарылған жұмыстар тізбегімен таныстырып, ауданның алдағы жоспарын халыққа паш етті. Ауыл тұрғындарының көкейдегі сұрақтарына да орынды және ұтымды жауап берді. Құмкент елді мекенінің тұрғыны Темірбаев Әмірбек әкімшілік жанында орналасқан спорт комплекстің құрылысын бастап, қолданысқа берсе?-деген ұсынысын жеткізді. Қызылкөл елді мекенінің тұрғыны, ауыл ақсақалы Есентай Жұманәлі халық қалаулысын ауыз су мәселесі жөнінде құлағдар етіп, ауыл қарияларын демалыс орындарына мемлекеттің тарапынан демалысқа жіберу және М.Әуезов мектебіне қосалқы жай салып беру жөнінде ұсынысын айтып. Сондай-ақ тұрғындар электр жүйелері бойынша трансформатор, бағаналар және кабелдерді ауыстыру керектігін жеткізді. Құмкент ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболов Есенбек пен ауыл қариясы Жүсіпов Берік мәслихат депутатының атқарған қызметіне дән риза екенін және алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп, халықтың атынан алғысын айтты.

Нұрдәулет ЖЕҢІС

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР