20-04-2024
21.3 C
Шымкент

Жаңа басшы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Рахмет Әбдікәрімұлы Бектаев тағайындалды. Р.Ә.Бектаев 1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, заңгер. Еңбек жолын 1986 жылы №18 «Шымкентселстрой» тресті №1 темір-бетон зауытында жұмысшысы ретінде бастаған. 1986-1989 жылдары «Югстройконструкция» өндірістік бірлестігінде 2-разрядты формовщик, «Главмоспромстрой материалы №1 құрылыс материалдары және конструкциялары Бескудников комбинаты» Мәскеу қаласында 4-разрядты формовщик, 1990-1991 жылдары Қазақ химия-технология институтында инженер. Мемлекеттік қызметте 1991-2008 жылдары әртүрлі лауазымдарда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі мен Қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бас мемлекеттік көлік инспекторы. 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы, 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылғы желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР