25-04-2024
18.3 C
Шымкент

Ер түріктің бесігінде «Түркі бағы» бой көтерді

Биыл ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен Түркістан — түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанды. Осыған байланысты атаулы жылдың белгісі болсын деген ұйғарыммен қала орталығында «Түркі бағы» аллеясы салынып отыр.
Бұл жөнінде қала басшысы Ә.Өсербаев: «Түркі әлемінде өзіндік орны бар шаһар үшін биыл тарихи жыл екенін ескеріп, осы аллеяны 2017 жылғы Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы жылының белгісі болсын деген ұйғарыммен салып отырмыз. Бұл істің бастамашысы облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы екенін айта кетуіміз керек. Әлі мұнда жыл соңына дейін мұнда түркі халықтары бірлігінің символы ретінде арнайы ескерткіш бой көтереді. Бұл орайда Мағжан ақын жырына қосқан «Екі дүние есігі – ер түріктің бесігі» саналатын Түркістанда түркі бірлігін паш ететін ескерткіштің болуы заңдылық деп есептеймін», — деп таяуда нысанның маңыздылығын атап өткен-тін.
Айта кетерлігі, жергілікті тұрғын Ж.Әлмаханұлы «Түркі бағы» аллеясын тамашалап жүріп «ТҮРКСОЙ ұыймының құрылуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі зор екені белгілі. Оның айқын дәлелі ұйым тарапынан қабылданған шешім аясында ең алғаш болып мәдени астана мәртебесін елордамыз Астана қаласы алған болатын. Сондықтан бұл аллеяны Елбасымыздың есімімен байланыстыруға да негіз бар»,- деген тұшымды ойын жеткізген еді.
Өз кезегінде бұл жұмыстардың барлығы қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқанын баса айту қажет. Бүгінде нысан құрылысының негізгі бөлігі аяқталған. Алдағы күндерде аталған орын жергілікті тұрғындар үшін саялы баққа айналмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР